Договор на казахском(ЕҢБЕК ШАРТЫ)



Штаттан тыс қызметкермен ЕҢБЕК ШАРТЫ
ЕҢБЕК ШАРТЫ
«____»_____________2014 жылғы №_____

Астана қаласы

_________________________________________ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) атынан, 2014 жылғы 15 қаңтардағы № ___ Бас сенімхат және «____________» АҚ Директорлар қенесінің шешімімен бекітілген 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 2 хаттамасына сәйкес Қоғамның Астанадағы филиалы туралы ереже негізінде әрекет ететін «_________» АҚ Астанадағы филиалының директоры __________________________________ бір жағынан
және ары қарай «Қызметкер» Қазақстан Республикасының азаматы(шасы) Иван Иванович Петрошенко жеке куәлігі №___________, 2013  жылғы 20 қыркүйектегі  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі берген, ЖСН № _________________, СТН № _________________, ӘЖК   _______________, тіркілген тұрғылықты жері бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32-үй, 11-пәтер, екінші жағынан,
бірге алғанда «Тараптар», ал жеке алғанда жоғарыда аталғандай немесе «Тарап» деп аталатын  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексіне (ары қарай мәтін бойынша «Кодекс»), сәйкес төмендегі мәселелер бойынша осы еңбек шартын (Шартты) жасасты;

 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Еңбек шарты (Шарт) — Жұмыс беруші мен Қызметкер арасында белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына (уақытша) жазбаша түрде жасалатын екі жақты келісім.
1.2. Штаттан тыс қызметкер дегеніміз – белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына Жұмыс берушімен Еңбек шартын жасасқан жеке тұлға.
1.3. Белгілі бір жұмыстар дегеніміз – оларды орындау үшін Жұмыс берушінің штатқа лауазымдық бірлік енгізуі мақсатқа сай болмайтын, тұрақты емес сипаттағы жұмыстар. Белгілі бір жұмыстарды орындау қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
1.4. Жұмыс берушінің коммерциялық және қызметтік құпиялары – адамдардың шектелген саны заңдық негізде еркін қолжетімділікке ие болатын, жария болуы, таралуы, пайдаланылуы Жұмыс берушінің мүдделеріне ңұқсат келтіретін, Жұмыс  берушінің қызметі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат.

2. ШАРТ ТАҚЫРЫБЫ

2.1. Жұмыс беруші осы Шартқа №1 қосымшада белгіленген жұмыстарды Шарттың әрекетті мерзімі ішінде ұсынады, ал Қызметкер олырды орындауға келіседі.
2.2. Қызметкердің функционалды міндеттерінің аясы анықталады:
- осы Шарттың шарттарымен;
-  Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен, Жұмыс берушінің  Қызметкердің кәсіби деңгейімен және дағдыларымен үйлесетін актілерімен.
2.3. Қызметкердің Шарт бойынша орындайтын жұмысы уақытша жұмыс орны болып табылады.
2.4.  Жұмыс орны: Астана қаласы, Кенесары көшесі 19, 608 кеңсе, «__________» АҚ Астанадағы филиалы.

3.ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТТІ МЕРЗІМІ

3.1. Жұмыс беруші Қызметкерді жұмыс орнындағы еңбектің келесі шарттарды жағдайында белгілі бір жұмыстарды орындау уақытына қабылдайды:
3.1.1. еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жағдайларға жатпайтын;
3.1.2. тұрақты сипаттағы емес;
3.2. Еңбек міндеттерін жүзеге асырудың басталу уақыты: 2014 жылғы «09» қыркүйектен бастап 2014 жылғы «10» желтоқсанды қоса.
3.3.  Жұмыс беруші беретін жұмыстардың көлемі болған жағдайда, шарт Еңбек шартына Қосымша келісім жасасу арқылы ұзартыла алады.
3.4. Қызметкерге Қоғамда белгіленген жұмыс уақыты тәртібі таралады.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4.1. Жұмыс беруші құқылы:
1)    жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2)    жұмысқа қабылдау кезінде Кодекске сәйкес Шартты жасасу үшін қажетті құжаттар талап етуге;
3)    Кодексте белгіленген тәртіпте және негіздемелер бойынша Қызметкермен Шартты өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
4)    Қызметкердің Шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және сапалы орындауын, соның ішінде жұмыс нәтижелерінің Қазақстан Республика-сының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуын талап етуге.
4.2. Жұмыс беруші міндетті:
1)    Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, өзі шығарған актілердің, келісімдердің талаптарын сақтауға;
2)    Қызметкерге Шартта келісілген жұмысты беруге;
3)    Қызметкерге, бюджетке аударылатын міндетті төлемдері (салықтар мен зейнетақылық аударымдар) ұстап қала отырып, еңбекақы төлеуге;
4)    Қызметкерге жұмыстарды орындау үшін қажетті толық және анық ақпаратты беруге;
5)    мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқауларын орындауға;
6)    жұмысты жалғастыру Қызметкердің және басқа да адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, оны тоқтата тұруға.
4.3. Қызметкер құқылы:
1)    Кодексте қарастырылған тәртіпте және шарттарда Шартты жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
2)    Жұмыс берушіден осы Шарт шарттарының орындалуын талап етуге;
3)    еңбек қауіпсіздігіне және еңбектің қорғалуына;
4)    жұмыстарды орындауға қажет болатын толық және анық ақпаратты алуға, соның ішінде еңбек шарттары туралы;
5)    осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 қосымшаға сәйкес еңбекақы алуға;
6)    заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға;
7)    өзінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдай туындағанда, бұл туралы Қызметкер жұмыстарды орындау уақытында бекітілген құрылымдық бөлімшенің тікелей басшысын хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға.
4.3. Қызметкер міндетті:
1)    өз жұмыс орнында жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт  қауіпсіздігі және өндірістіксанитария талаптарын сақтауға;
2)    жұмыстарды орындау үшін оған берілген Жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарауға және жұмыстарды аяқтағаннан кейін оның Жұмыс берушіге қайтарылуын қамтамасыз етуге, ал ол бүлінген жағдайда орнын толтыруға;
3)    Жұмыс берушінің өмірі мен мүлігінің сақталуына қауіп төндіретін жағдай туындаса, бұл туралы Жұмыс берушіге хабарлауға;
4)    оған жұмыстарды орындау барысында белгілі болған, соның ішінде Жұмыс берушінің коммерциялық және қызметтік құпиялары болып табылатын мәліметтерді жарияламауға;
5)    осы Шарттың шарттарымен өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындау мүмкін болмайтын жағдай туындағанда (уақытша еңбекке жарамсыздық және т.б.), бұл туралы кадр қызметіне немесе тікелей басшысына үш сағат ішінде хабарлауға.

5. ЕРЕКШЕ ШАРТТАР

5.1. Өз еңбек міндеттемелерін орындау барысында жасалған зияткерлік меншікке, соның ішінде қызметтік өнертабыстарға қорғау құжаттарына барлық құқықтар Жұмыс берушіге тиесілі.
5.2. Қызметкер Жұмыс берушіге өзі туралы (жеке мәліметтер, білімі, еңбек жолы туралы мәліметтер) бергені үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жауапкершілікті көтереді.

6. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ

6.1. Жұмыс беруші Қызметкерге оның орындаған жұмыстарының нәтижелеріне қарай еңбекақы төлейді. Осы Шарттың әрекетті мерзімі ішінде қызметкер орындауы тиіс жұмыстардың тізімі №1 қосымшада анықталады.
6.2. Орындалған жұмыстар үшін ақы (еңбекақы) төлеуге негіздеме болып табылатындар орындалған жұмыстар актісі.
6.3. Еңбекақы төлеу, төлем көзінен міндетті түрде ұсталып қалуы және салық органы мен зейнетақы қорына аударылуы тиіс сомаларды алып тастай отырып, жүзеге асырылады.

7. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ НЕМЕСЕ БҰЗУ ШАРТТАРЫ

7.1. Шартты Тараптар Кодексте, сондай-ақ Шартта қарастырылған негіздемелер бойынша тоқтата алады, соның ішінде:
Жұмыс беруші мына жағдайларда:
- Қызметкер жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзған;
- жұмыстарды орындаудан негізсіз бас тартқан;
- жұмыс берушінің құпия мәлеметтерін жарияламау туралы міндеттемені бұзған;
- орындалған жұмыстардың  нәтижелерінде Жұмыс беруші анықтаған Шарт пен  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкессіздіктерді жоймаған.
Қызметкер мына жағдайларда:
- еңбекақы төлеу мерзімдері бұзылған;
- Жұмыс беруші осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған.
7.2. Еңбек қатынастары бұзылған немесе тоқтатылған жағдайда Қызметкер міндетті:
1)    Жұмыс берушіге оның кінәсынан келтірілген шағындардығ орнын толтыруға және қарыздарының барлық түрлерін өтеуге;
2)    басталған келіссөздерін, келісімдерін, шарттарын,  шарттарын және басқа да алдында алған жұмыстарын аяғына дейін жеткізуге;
3)    осы тармақтың 2-тармақшасын орындау мүмкін болмаған жағдайда, Жұмыс берушінің нұсқауы бойынша барлық құжаттарды басқа орындаушыға тапсыруға, оны істерді ары қарай жүргізу үшін қажет толық ақпаратпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз еңьек міндеттемелерін орындауға байланысты істер жүргізілген (байланыс орнатылған) адамдармен таныстыруға;
4)    Жұмыс беруші белгілеген мерзімде Жұмыс берушінің мүлкі мен істерін тапсыру-қабылдау актісін жасауға, оған қол қойылғаннан кейін оны Жұмыс берушіге тапсыруға.
7.2. Жұмыс беруші түпкілікті есеп айырысуды Қызметкер осы Шарттың 7.2.-тармағын орындағаннан кейін жүргізеді.

8. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІГІЛІ

8.1. Шартта қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

9. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

9.1. Шарттың шарттары Кодексте және Жұмыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіпте тиісінші рәсемделген Тараптардың келісімімен өзгертіле немесе толықтырыла алады.
9.2. Жұмыс беруші мен Қызметкен Шарттың шарттарын адал орындауға келісті және оның шарттарына бір жақты тәртіпте енгізілген өзгертулер Тараптар  үшін заңдық күшке ие болмайтындығын белгіледі.
9.3. Тараптар арасындағы даулар тікелей келіссөздер жолымен реттелу тиіс. Егер Тараптар арасындағы дау келіссөздер арқылы реттелмесе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.
9.4. Шарт Тараптардың әрқайсысына бір данадан, бірдей заңдық күшке ие екі данада құрастырылды.

2014 жылдың «09» қыркүйектегі №______ Еңбек шартына
№1 қосымша
Приложение №1
к Трудовому договору №___ от «09» сентября 2014 года

2014 жылдың «09» қыркүйектегі №________ Еңбек шартының ережелеріне сәйкес, Жұмыс беруші орындалған жұмыстар актісі бойынша Қызметкерге еңбекақы төлейді.
Иван Иванович Петрошенконың келесі жұмыс түрлері орындағаны үшін еңбекақысының жалпы сомасы 2 400 000 (екі миллион төрт жүз мың) тенгені құрайды.

В соответствии с положениями Трудового договора №________ от «09» сентября 2014 года, Работодатель производит оплату труда Работника согласно акту выполненных работ.
Общая сумма оплаты труда Петрошенко Ивана Ивановчив составляет 2 400 000 (два миллиона четыреста тысяч) тенге за выполнение следующих видов работ:

Р/с №    Атауы
Наименование    Орындауы мерзімі
Срок исполнения


Возможно Вам будут полезны следующие документы:

Договор инжиниринговых услуг
Дилерский договор на оказание услуг
Договор купли продажи физических лиц
Договор возмездного оказания услуг
Договор на изготовление и установку наружной рекламы