Жүктеу сілтемесі беттің төменгі жағында қол жетімді
.png)
(объектінің атауы)
_____________қ. №_____ 20___ жылғы "____"____________________
Бұдан әрі "жалға беруші" деп аталатын _________________________атынан
(жалдауға берушінің (жалға берушінің) атауы)
____________________________________________20 жылғы "____"__________
№____________ бекітілген
__________________________________________туралы 20___________жылғы
"_______"__________ №_________Ереженің негізінде әрекет ететін басшы
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
бір тараптан және бұдан әрі "жалға алушы" деп аталатын
______________________________________________________________атынан
(жалдаушының (жалға алушының) атауы)
_____________________________екінші тараптан, бірлесіп "тараптар" деп
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) аталатындар, төмендегі
туралы осы шартты жасасты.
(баланс ұстаушының атауы)
балансында тұрған, бұдан әрі "объекті" деп аталатын _________________
(объектінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы)
мекенжайында орналасқан______________________________________________
(объектінің атауы)
1) 20 "____"_____________№____________бұйрығының негізінде;
(жалға берушінің атауы)
2) 20 "____" _____________№ тендер нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес
тендер нәтижесі бойынша объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға)
беру шарттың мәні болып табылады.
(объектінің белгіленуі не тендер шарттары)
мақсатында пайдалану үшін, 20___________ жылғы "__"_________________
бастап 20 жылғы "_____" аралығында объектіні жалға беруші мүліктік
жалдауға (жалға алуға) береді, ал жалға алушы қабылдап алады.
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін аталған шарттың әрекет етуі
тоқтатылады.
1) баланс ұстаушымен келісім бойынша объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жалға алушыға жазбаша рұқсат беруге;
2) жалдау ақысын аударудың уақытылығы мен толықтығына бақылауды жүзеге асыруға;
3) жалдау ақысын уақытылы енгізбегені үшін өсімпұл есептеуге;
4) тараптардың келісімі бойынша шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;
5) объектінің мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.
1) жалдау ақысын аванс арқылы төлеуге;
2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат үшін жалға берушіге өтініш жасауға;
3) жалға берушіге шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
1) шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалға алушыға баланс ұстаушының объектіні беруін қамтамасыз етуге және оны бекітуге;
2) шартта белгіленген тәртіппен жалға алушының объектіні иелену және пайдалануына кедергі келтірмеуге;
3) шарт талаптарын немесе жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда, бұл туралы жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін бір ай бұрын жалға алушыға хабарлауға;
4) жалға алушыға жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мерзімі өткен жалдау төлемдері үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жіберуге міндетті.
1)________________________________________кешіктірмей ай сайын
(жалдау ақысын төлеу мерзімдері)
жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да жалдау төлемдерін (айыппұлдарды, өсімақыларды) төлеуге;
2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) енгізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларының (түбіртектердің) көшірмелерін бере отырып, тоқсан сайын жалға берушімен есеп айырысуға салыстыруды жүргізуге;
3) қабылданған объектіні шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
4) объектіні тиісті тәртіпте ұстауға, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді жасамауға;
5) объектіні дұрыс жағдайда ұстауға, өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізуге және мүлікті ұстау бойынша шығыстарды көтеруге, сондай-ақ тараптармен келісілген мерзімдерде күрделі жөндеу жүргізуге;
6) жалға алушының кінәсінен және табиғи тозуға байланысты объектінің жекелеген элементтері істен шыққан жағдайда, өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
7) жалға берушінің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;
8) объектіге және объект орналасқан жер учаскесіне жалға берушінің, санитариялық қадағалау қызметі және Қазақстан Республикасы заңнамасының және объектіні пайдалану мен қолдану тәртібіне қатысты өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін кедергісіз жіберуге, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жоюға;
9) шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға;
10) шартты бұзған немесе шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, жалға алушы мен баланс ұстаушы қолдарын қойған және жалға беруші бекіткен қабылдау-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға күнтізбелік он күн ішінде объектіні қайтаруды қамтамасыз етуге;
11) жалға алушының кінәсі бойынша объекті пайдалануға жарамсыз жағдайға келтірілген жағдайда, өз қаражатының есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға;
12) объектіні жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйде (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтеуге міндетті.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1) егер жалға берушінің жасаған жазбаша ескертуіне қарамастан, жалға алушы объектіні шарттың талаптарын немесе объектінің мақсатын елеулі бұза отырып пайдаланған;
2) егер жалға алушы шарт бойынша берілген объектіні нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;
3) егер жалға алушы қасақана немесе байқаусызда объектіні елеулі нашарлатқан;
4) егер жалға алушы шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін екі реттен астам объектіні пайдаланғаны үшін жалдау ақысын енгізбеген;
5) егер жалға алушы шартта белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеттемесі жалға алушыға жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзімдерде объектіге күрделі жөндеу жүргізбесе, жалға беруші жалға алушыға өз міндеттемелерін ақылға қонымды мерзімде орындау мүмкіндігін бергеннен кейін ғана шартты мерзімнен бұрын жоюды талап етуге құқылы;
6) жалға алушыға басқа объектіні оның жазбаша келісімінен кейін берген;
7) жалға беруші объектіні алып қою туралы шешім қабылдаған;
8) жалға берушінің атына баланс ұстаушы жазбаша өтініш жазған жағдайларда қайтарылады.
Шарт жалға алушының талабы бойынша мерзімінен бұрын мынадай:
1) баланс ұстаушы шарттың талаптарына немесе объектінің мәніне сәйкес жалға алушының пайдалануына объектіні бермеген не объектіні пайдалануға кедергі жасаған;
2) объектінің баланс ұстаушысы шартпен белгіленген мерзімде, ал олар шартта болмаған жағдайда - ақылға қонымды мерзімдерде оған салынған объектіні күрделі жөндеу міндеттемелерін орындамаған;
3) жалға алушыға берілген объектілердің оны пайдалануға кедергі жасайтын, олар шарт жасасқан кезде жалға берушімен келісілмеген ақаулары болған және шартты жасасқан кезде объектіні қараған және оның жұмыс істейтінін тексеру уақытында анықталуы мүмкін болмаған;
4) егер объекті жалға алушының жауап беруі мүмкін емес жағдаяттар салдарынан пайдалануға жарамай қалған жағдайларда бұзылды.
ЖАЛҒА БЕРУШІ: ЖАЛҒА АЛУШЫ:
Возможно Вам будут полезны следующие документы: