Туристік қызмет көрсетудің үлгі шарты. Договор на оказание турист. услуг на казахском языке


Ссылка для скачивания доступна внизу страницы

Договор на оказание турист. услуг на казахском языке

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы «    »

№     бұйрығымен бекітілген

        

 

Туристік қызмет көрсетудің үлгі шарты

 

_________________                                          «___»  _____________ 20___ жыл

     

Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын ____________________________ атынан ____________________________________________________________
      (туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның толық атауы)
______________________________________________негізінде  әрекет ететін

(лицензия (№, берген күні) немесе хабарлама)

__________________________________________________________________
 (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын __________________
                                                        (тегі, аты, әкесінің аты)    
жеке басын куәландыратын құжаты __________________________________  
                              (нөмірі, берілген күні, кім берді)
екінші тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар, мына төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

 

 

  1. Шарттың мәні

 

1.1. Орындаушы Шартта көзделген көлемде және шарттарда Тұтынушының (және Шарттың қосымшасында көрсетілген тұлғаларға) саяхат кезеңіндегі және саяхатқа байланысты қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті туристік қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

1.2. Орындаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (тек қана туристік оператор/туристік агент үшін) туристік оператордың _____________

__________________________________________________________________
                             (сақтандырушының атауы)
_________жылғы «____»___________№________________________________ қолданыстағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына сәйкес сақтандырылды.

1.3. Тұтынушы отбасының деректері _____________________________

                                                         (тегі, аты, әкесінің аты, туысқандық

_________________________________________________________________.                       

                  дәрежесі, мекен-жайы, байланыс және өзге мәліметтер)
         1.4. Өткізілетін туристік өнімді туристік оператор қалыптастырады ___
__________________________________________________________________
  (туристік оператордың толық атауы, лицензияның №, мекен-жайы, банктік __________________________________________________________________
             деректемелері, телефоны және Е-mаіl)
және Орындаушы – туристік агент_____________________________________ «____»_________________________ 20__жыл № _______ Шарттың негізінде өткізеді.

 

 

  1. Тұтынушыға берілетін ақпарат

 

2.1. Туристік қызмет көрсетуді сипаттау __________________________                            

                                                                       (уақытша болатын (жер) ел,
__________________________________________________________________
        болатын пункттер, туристік маршрут, туристік ресурстарға бару)

2.2. Саяхаттың басталған және аяқталған күні, уақыты ___________ .

  • Тұтынушыны тасымалдау жөніндегі қызметтер _______________

__________________________________________________________________
        (трансфертті коса алғанда, саяхаттың барлық кезеңіндегі көліктің түрі,

_________________________________________________________________ .

         үлгісі және санаты, тасымалдаушының (тасымалдаушылардың) атауы)

         Тұтынушыны тасмалдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалады.

2.4. Саяхаттың ерекшелігі _____________________________________ .

2.5. Тұтынушыны орналастыру орындары туралы ақпарат __________
__________________________________________________________________
               (орналастыру орындарының атауы, оның санаты, тұру,

_________________________________________________________________ .                                      

                                       тамақтану жағдайлары)

2.6. Белгіленген жерге жүкті жеткізу шарты ______________________ .

2.7. Қауіпсіздік шаралары ______________________________________ .

2.8. Киімге және жабдықтарға қойылатын талаптар ________________

_________________________________________________________________ .
                              (қажет болған кезде толтырылады)

2.9. Туристік бағыттың қиын учаскелерін қысқаша баяндау __________
_________________________________________________________________ .

 

 

  1. Туристік қызмет көрсетудің бағасы және төлеу тәртібі

 

3.1.  Шарт бойынша туристік қызмет көрсету құны___________ теңгені құрайды.

3.2. Шарт бойынша туристік қызмет көрсету құнын төлеу тәртібі _____

___________________________________________________________________________________________________________________________________ .

 

 

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

 

4.1. Саяхатқа дайындық кезінде транзитті қоса алғанда, оны жүзеге асыру уақытында Тұтынушы мыналарға құқылы:

4.1.1. Оның жеке қауіпсіздігіне немесе мүлкіне қол сұғылған жағдайда консульдық, дипломатиялық, өзге мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге хабарлауға; өзiнiң жеке басына немесе мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттiк, сондай-ақ туристiк өкiлдiктерге өтiнiшпен жүгiнуге;

4.1.2. Уақытша болатын елге (жерге) кіру, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) шығу және онда болу ережелері, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасының ерекшеліктері, жергілікті халықтың дәстүрлері, діни әдет-ғұрыптары, киелі жерлері, табиғат, тарих, мәдениет ескерткіштері және ерекше қорғауға алынған басқа да туристік көрсету объектілері, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпаратқа; уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы туралы, дiни салт, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған ортаның жай-күйi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат алуға;

4.1.3. Уақытша болатын ел (жер) қабылдаған шектеу шараларын ескере отырып, жүріп-тұру еркіндігіне, туристік ресурстарға бару еркіндігіне; еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткiзуге;

4.1.4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орындаушы туристік қызмет көрсету Шартының талаптарын орындамаған жағдайда шығындары мен моральдық зиянының орнын толтыруға; туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;

4.1.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда және тәртіпте Шартты бұзуға;

4.1.6. Орындаушыға Шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етілгенге дейін көрсетілген қызметтері үшін олардың іс жүзінде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейін Шартты орындаудан бас тартуға;

4.1.7. Шетелдік туристерге құқықтық және өзге көмек түрлерін алуда Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының жәрдемдесуіне;

4.1.8. Қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізуге.

4.2. Транзитті қоса алғанда, саяхат уақытында Тұтынушы мыналарға міндетті:

4.2.1. Уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасын сақтауға;

4.2.2. Уақытша болатын елде (жерде) қоршаған ортаны сақтауға, табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштеріне мұқият болуға;

4.2.3. Уақытша болатын елге (жерге) кіру және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету және транзиттік өту елдерінде болу ережелерін сақтауға;

4.2.4. Саяхат уақытында жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға.

Уақытша болатын елге (жерге) саяхатқа баруды болжамдайтын Тұтынушылар, халықаралық медициналық-санитарлық ережеге сәйкес алдын-ала тексерістен өтуге міндетті;

4.2.5. Өзге міндеттер болатын елдің (жердің) заңнамасымен анықталады.

4.3. Тұтынушы құқылы:

4.3.1. Кінәсінен болған жағдайдан басқа, Орындаушы тапсырыс берушіге Шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ғана Шартты орындаудан бас тартуға.

4.4. Орындаушы мыналарға міндетті:

4.4.1. Шарт бойынша қызметтерді тиісті түрде, сапалы және мерзімінде көрсетуге;

4.4.2. Тұтынушыға туристік саяхаттың бағдарламасы туралы, туристік өнімді қалыптастырған туристік оперптор туралы, қабылдаушы тарап туралы, уақытша болатын елге (жерге) кіру және шығу (транзиттік өту елдері) ережелерінм және (халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында көзделген реттерде) өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс ету қажеттігі туралы қажет және дәйекті ақпаратты ұсынуға; 

4.4.3. Жолаушыларды көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдаған кезде Орындаушы Тұтынушыға жөнелтiлетiн және баратын пункттер атаулары, жолаушылардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген жеке немесе топтық (туристер тобына қызмет көрсету кезiнде) тасымалдау құжатын (билетiн) беруге;

4.4.4. туристік өнімге кіретін жеке туристік қызметтер көрсететін нақты үшінші тұлғалар туралы ақпаратты ұсынуға;

4.4.5. Тұтынушыны виза алуға қажет құжаттарды мезгілінде ұсыну қажеттігі жайында ескерту. Тұтынушы көрсетілген мерзімді бұзған жағдайда визаны уақытылы алмағаны үшін Орындаушы жауаптылы емес. Бұл жағдайда Тұтынушы барлық нақты шығындарды өз қаржысы есебінен көтереді.    

4.4.6. Саяхат уақытында Тұтынушымен төтенше жағдай болғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған сәттен бастап туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға әрі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ Тұтынушының отбасына дереу хабарлауға міндетті.

Егер шетелдік туристер Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, Орындаушы дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.

4.5. Шартты жасасу кезінде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулі түрде өзгеруіне байланысты тараптардың әрқайсысы Шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы.

Мән-жайлардың елеулі түрде өзгеруіне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы                   13 маусымдағы № 211 Заңында белгіленген шарттар жатады, сондай-ақ келесі негіздер ____________________________________________________ .

4.6. Тараптардың біреуі де Шарт бойыншағы өз құқықтары мен мiндеттерiн үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.

 

 

  1. Тараптардың жауапкершілігі

 

5.1. Туристік қызметтің сапасы және (немесе) көлемі басқа елге келген жері бойынша не жүру бағыты бойынша Шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Орындаушы Шарт талаптарының тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болады.

5.2. Шартты Тұтынушының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заңнамалық актілерде немесе өтеусіз қызмет көрсету Шартында өзгеше көзделмесе, қызметтерге толық көлемде ақы төленуі тиіс.

5.3. Шартты орындамау мүмкіндігі тараптардың бірде бірі жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда Тұтынушы Орындаушыға іс жүзінде шығарған шығындарын өтейді.

5.4. Таразыға тартылуға ұсынылмаған жүктің тасымалы мен сақталуы үшін жауапкершілік Тұтынушыға жүктеледі. Егер Орындаушы тасымалға алынған жүкке билет, багаж түбіртегін немесе жүк құжаттамасын берсе, бірақ олар дұрыс ресімделмеген немесе жоғалған, немесе қандай да бір себептермен ұсынуға мүмкіндік болмаған жағдайда тасымалдау Шарты күшінде қалады.

5.5. Орындаушы саяхат жасау кезінде дүлей күштің салдарынан Тұтынушыға келтірілген залал үшін жауап бермейді.

5.6. Шартта көзделмеген тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы азаматтық заңнаманың нормаларына сәйкес қолданылады.

 

 

  1. Дау шешу

6.1. Шарттан шыққан даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдардына сәйкес шешілуге жатады.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

7.1. Шартқа барлық толықтырулар және өзгерістер жазбаша жасалады, екі Тараптармен қол қойылады және Шарттың ажырамас бөлігі болып келеді.

7.2. Шарт заңдық күші бірдей екі данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.

7.3. Шартқа келесі құжаттар қоса тіркеледі:

7.3.1. Туристік қызметке арналған тиісті лицензияның көшірмесі;

7.3.2. Туристің жадынамасы;

7.3.3. Туристік жолдама;

7.3.4. Ақы төленгендігі туралы түбіртек;

7.3.5. Туристік ваучер (туристік өнімді өткізген кезде).

7.4. Шарт оған қол қойылған күннен бастап, Тараптармен бір-бірінің алдында Шарт бойынша міндеттерін толық орындағанға дейін қолданылады.      

 

     

  1. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері

 

_________________________________        _____________________________
    (Орындаушының толық атауы)                             (Тұтынушының Т.А.Ә.)
_______________________________            _____________________________
(мекен-жайы, телефоны, факсы)                      (мекен-жайы, телефоны, факсы)
_______________________________            _____________________________
             (қолы)                                                                        (қолы)

     

               Мөр орны

 




Возможно Вам будут полезны следующие документы: