Поделиться ссылкой:


ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ Қойма меңгерушісі


Жүктеу сілтемесі беттің төменгі жағында қол жетімді

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ Қойма меңгерушісі

БЕКІТЕМІН

__________________________

                                                                                                                (кәсіпорынның атауы)

Бас директоры

_______________________________________

(аты-жөні)                              (қолы, мөрі)

200__ жылғы «___» _________ № ___ бұйрық

 

 

№ ___

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Қойма меңгерушісі

 

Базалық тобы – 1226

Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің “Басшылар, мамандар және басқа қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын бекіту туралы” 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-ө бұйрығы негізінде және ҚР  15.05.2007 ж. № 251-III Еңбек кодексі сәйкес жасалды және еңбек шартына қосымша ретінде қолданылады.

Нұсқаулық ҚР еңбек заңнамасының немесе _______________________________

                                                                                      (кәсіпорынның атауы)

өндірістік-экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

            1.1. Қойма меңгерушісі басшылар санатына жатады, ___________________

        (құрылтайшылардың

__________________________________________________________________________

     жалпы жиналысының, кәсіпорынның өзге басшысының шешімімен)

Бас директорының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.

            1.2. Қойма меңгерушісі лауазымына орта кәсіби білімі және қойма меңгерушісі лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы бар немесе орта (толық) жалпы білімі және  қойма меңгерушісі лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс стажы бар тұлға тағайындалады.

            1.3. Қойма меңгерушісі _____________________________________________

(құрылтайшылардың жалпы

___________________________________________________________________________

       жиналысының өкіліне, кәсіпорынның өзге басшысына)

бас директорына бағынады.

            1.4. Қойма меңгерушісі өз қызметінің ерекшелігі бойынша:

            – қойма шаруашылығын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік  және әдістемелік материалдарды;

            - тауар-материалдық құндылықтарды сақтау бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды;

- тауар-материалдық құндылықтардың түрлерін, көлемдерін, маркаларын, сұрыптылығын және басқа да сапалық сипаттамаларын және олардың шығын нормаларын;

- тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды;

            – тауар-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймаға қабылдау ережелері мен тәртібін, оларды есепке алу ережелері мен нұсқауларын;

            – жүктерді тасымалдау және сақтау, қойма жайлары мен жабдықтарды жалға алу келісім-шарттардың талаптарын;

            – көрсетілген қызметтер мен жасалған жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібін;

            – есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану ережелерін;

            – экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;

            – еңбек занамасының негіздерін;

            – еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білуі тиіс.

 

  1. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

 

            2.1. Тауар-материалды құндылықтарды қабылдау, сақтау және жіберу бойынша, оларды қойма жайларын неғұрлым тиімді пайдалануды, қажетті материалдарды, мүкаммалды және т.б. іздестіруді жеңілдету мен жеделдетуді ескере отырып орналастыру бойынша қойма жұмысын басқарады.

2.2. Қоймаға алынған тауар-материалды құндылықтардың сақтылығын, сақтау режимдерінің орындалуын, кіріс-шығыс құжаттарының ресімделу ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

            2.3. Өрт қауіпсіздігі құралдарының болуы мен жұмысқа жарамдылығын, қоймада жайлардың, жабдықтардың және мүкаммалдың жағдайы мен олардың уақытылы жөнделуін қадағалайды.

            2.4. Еңбекті қорғау бойынша нормаларды, ережелерді және нұсқауларды сақтай отырып, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастырады.

2.5. Тиеу құралдарын жинастыруды, сақтауды және оларды жеткізушілерге уақытылы қайтаруды қамтамасыз етеді. Тауар-материалды құндылықтардың есебін жүргізуге қатысады. Қойма операцияларын, белгіленген есептіліктің жүргізілуін қадағалайды.

            2.6. Қойма шаруашылығының жұмысының тиімділігін жоғарлату, тауар-материалды құндылықтарды тасымалдау және сақтау шығындарын азайту, қойма шаруашылығын ұйымдастыруға қазіргі заманға сай есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын енгізу бойынша шараларды даярлау және жүзеге асыруға қатысады.

 

  1. ҚҰҚЫҚТАРЫ

 

Қойма меңгерушісінің мыналарға құқығы бар:

            3.1. Кәсіпорын басшылығының оның қызметіне қатысты шешімдерінің жобаларымен танысуға.

            3.2. Осы нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге.

            3.3. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және мамандардан оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар алуға.

            3.4. Құрылымдық бөлімшелердің мамандарын оған жүктелген міндеттерді шешу үшін тартуға (егер бұл құрылымдық бөлімшелер туралы ережеде көзделсе, егер көзделмесе – басшының рұқсатымен).

            3.5. Кәсіпорын басшылығынан өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауда көмек көрсетуді талап етуге.

 

  1. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

Қойма меңгерушісі мыналар үшін жауапкершілік атқарады:

4.1. Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген лауазымдық міндеттерін орындамағаны (тиісті дәрежеде орындамағаны) үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек заңнамасында айқындалған шектерде.

            4.2. Қызметін жүзеге асыру барысында құқық бұзушылық жасағаны үшін – Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде.

            4.3. Материалдық шығын келтіргені үшін – Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде.

 

КЕЛІСІЛДІ:

 

Заң бөлімінің бастығы (заң кеңесшісі) _________________________________________

                                                                                     (аты-жөні, қолы, күні)

 

НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫМ: _________________________________________

                                                                                     (аты-жөні, қолы, күні)

 

Юридическая и бухгалтерская помощь онлайн



Возможно Вам будут полезны следующие документы:

Курсы валют национального банка РК
USD Доллар США 417.02
EUR Евро 505.51
RUB Российский рубль 5.59
OIL Цена на нефть 64.49 $