Поделиться ссылкой:


ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ Өткізу бөлімінің бастығы


Жүктеу сілтемесі беттің төменгі жағында қол жетімді

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ Өткізу бөлімінің бастығы

БЕКІТЕМІН

__________________________

(кәсіпорынның атауы)

Бас директоры

_______________________________________

(аты-жөні)                              (қолы, мөрі)

200 жылғы «___» _________ № ___ бұйрық

 

 

 

№ ___

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Өткізу бөлімінің бастығы

 

Базалық тобы – 1226

 

Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің “Басшылар, мамандар және басқа қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын бекіту туралы” 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-ө бұйрығы негізінде және ҚР  15.05.2007 ж. № 251-III Еңбек кодексі сәйкес жасалды және еңбек шартына қосымша ретінде қолданылады.

Нұсқаулық ҚР еңбек заңнамасының немесе _______________________________

                                                                                      (кәсіпорынның атауы)

өндірістік-экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

            1.1. Өткізу бөлімінің бастығы басшылар санатына жатады, _________________

        (құрылтайшылардың

__________________________________________________________________________

     жалпы жиналысының, кәсіпорынның өзге басшысының шешімімен)

Бас директорының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.

            1.2. Өткізу бөлімінің бастығы лауазымына жоғары кәсіби (экономикалық немесе инженерлік-экономикалық) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар тұлға тағайындалады.

            1.3. Өткізу бөлімінің бастығы _________________________________________

(құрылтайшылардың жалпы

___________________________________________________________________________

       жиналысының өкіліне, кәсіпорынның өзге басшысына)

бас директорына бағынады.

            1.4. Өткізу бөлімінің бастығы өз қызметінің ерекшелігі бойынша:

            – дайын өнімді өткізуді және жеткізуді ұйымдастыру жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды;

– өнімді өндірудің және сатудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын, болжамдарын әзірлеу әдістері мен тәртібін;

            – кәсіпорынның даму перспективаларын;

            – өткізу нарығын дамыту перспективаларын;

            – кәсіпорынның өнімдеріне сұранысты зерттеу әдістерін, кәсіпорын шығарған өнімнің көтерме және бөлшек бағаларын;

            – дайын өнімнің нормативтік қорларын әзірлеу әдістері мен тәртібін;

            – өткізу құжаттамаларын ресімдеу ережелерін;

            – өнімді сақтау және тасымалдау стандарттарын;

            – тұтынушыларға талаптарды және келіп түскен талаптарға жауаптар дайындау тәртібін;

            – кәсіпорын шығаратын өнімге арналған стандарттар мен техникалық талаптарды;

            – қойма шаруашылығын ұйымдастыруды;

            – технология, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздерін;

– өткізу операцияларын есепке алуды және сату жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасауды ұйымдастыруды;

            – еңбек заңдарының негіздерін;

            – есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын;

            – еңбек қорғау ережелерін және нормаларын білуі тиіс.

 

  1. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

 

            2.1. Кәсіпорынның өнімін өткізуді ұтымды ұйымдастыруды, оны тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес мерзімдерде және көлемде тұтынушыларға жеткізуді жүзеге асырады.

            2.2. Бөлімнің өнім өндіру мен сатудың болжамдарын, перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын дайындауға,  кәсіпорынның өніміне сұранысты, өткізу нарығының даму перспективаларын зерделеу бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге қатысуын қамтамасыз етеді.

            2.3. Өнімді тұтынушыларға жеткізу шарттарын дайындауды және жасауды, жеткізу талаптарын келісуді ұйымдастырады.

            2.4. Өндірістік бөлімшелердің дайын өнімді тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес мерзімдерде, номенклатура бойынша, жиынтықпен және сапада тапсыруды қамтамасыз ету мақсатында жеткізу жоспарларын жасау және оларды өндіріс жоспарларымен байланыстыру жөніндегі жұмысқа басшылық жасайды.

            2.5. Өнімді сату жоспарының орындалуы, жеткізуге арналған тапсырмаларды, ерекше нұсқамаларды және басқа құжаттарды уақтылы алу жөнінде шаралар қабылдайды.

            2.6. Кәсіпорын бөлімшелерінің тапсырыстарды, шарттық міндеттемелерді орындауын, қоймалардағы дайын өнім қорларының жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді.

            2.7. Өндірістік бөлімшелерден дайын өнімдерді қоймаларға қабылдауды, ұтымды сақтауды және тұтынушыларға жіберуге дайындауды, дайын өнімді тиеп, жіберуге арналған көлік құралдарына, механикаландырылған тиеу құралдарына, ыдыстарға және жұмыс күшіне қажеттілікті анықтауды ұйымдастырады.

            2.8. Кәсіпорынның дайын өнімді сақтауды, өткізуді және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі стандарттарын әзірлеуді және ендіруді, сондай-ақ өткізу желісін, өнімді тұтынушыларға жеткізу нысандарын жетілдіру, көлік шығындарын қысқарту, дайын өнімнің нормадан тыс қалдығын төмендету және өткізу операцияларын жеделдету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

            2.9. Көрмелерді, жәрмеңкелерді, көрме-сатуларды ұйымдастыруға және өнімді жарнамалау жөніндегі басқа іс-шараларға қатысады.

            2.10. Кәсіпорын шығаратын өнімнің көтерме саудасын ұйымдастырады.

            2.11. Сатылған өнім үшін қаражаттың уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

            2.12. Кәсіпорынға тұтынушылардан келіп түскен шағымдарды қарауға және ұсынылған шағым-талаптарға жауаптар, сондай-ақ тұтынушылар шарттардың талаптарын бұзған кезде оларға талаптарды дайындауға қатысады.

            2.13. Тапсырыстар мен шарттардың орындалу, сатылмаған дайын өнімді тиеп жіберу және қалдығының есебін, өткізу құжаттарының уақтылы ресімделуін,  өткізу (жеткізулер) жөніндегі, сату жоспарларының орындалуы туралы көзделген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді.

            2.14. Дайын өнім қоймаларының қызметін үйлестіреді, бөлімнің қызметкерлеріне басшылық жасайды.

 

  1. ҚҰҚЫҚТАРЫ

 

            Өткізу бөлімі бастығының мыналарға құқығы бар:

            3.1. Кәсіпорын басшылығының оның қызметіне қатысты шешімдерінің жобаларымен танысуға.

            3.2. Осы нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізуге.

            3.3. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және мамандардан оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар алуға.

            3.4. Оған жүктелген міндеттерді шешу үшін құрылымдық бөлімшелердің мамандарын тартуға (егер бұл құрылымдық бөлімшелер туралы ережеде көзделсе, егер көзделмесе – басшының рұқсатымен).

 

  1. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

            Өткізу бөлімінің бастығы мыналар үшін жауапкершілік атқарады:

            4.1. Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген лауазымдық міндеттерін орындамағаны (тиісті дәрежеде орындамағаны) үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек заңнамасында айқындалған шектерде.

            4.2. Қызметін жүзеге асыру барысында құқық бұзушылық жасағаны үшін – Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде.

            4.3. Материалдық шығын келтіргені үшін – Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде.

 

КЕЛІСІЛДІ:

 

Заң бөлімінің бастығы (заң кеңесшісі) _________________________________________

                                                                                     (аты-жөні, қолы, күні)

 

НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫМ: _________________________________________

                                                                                     (аты-жөні, қолы, күні)

 

Юридическая и бухгалтерская помощь онлайн



Возможно Вам будут полезны следующие документы:

Курсы валют национального банка РК
USD Доллар США 426.99
EUR Евро 514.35
RUB Российский рубль 5.72
OIL Цена на нефть 68.25 $