Жүктеу сілтемесі беттің төменгі жағында қол жетімді
БЕКІТЕМІН
__________________________
(кәсіпорынның атауы)
Бас директоры
_______________________________________
(аты-жөні) (қолы, мөрі)
200 жылғы «___» _________ № ___ бұйрық
№ ___
Базалық тобы – 1210
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің “Басшылар, мамандар және басқа қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын бекіту туралы” 2002 жылғы 22 қарашадағы № 273-ө бұйрығы негізінде және ҚР 15.05.2007 ж. № 251-III Еңбек кодексі сәйкес жасалды және еңбек шартына қосымша ретінде қолданылады.
Нұсқаулық ҚР еңбек заңнамасының немесе _______________________________
(кәсіпорынның атауы)
өндірістік-экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты өзгертіледі және толықтырылады.
1.1. Қаржы директоры басшылар санатына жатады, _______________________
(құрылтайшылардың
__________________________________________________________________________
жалпы жиналысының, кәсіпорынның өзге басшысының шешімімен)
Бас директорының бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.2. Қаржы директоры лауазымына жоғары кәсіби (экономикалық) білімі, қаржы-бухгалтерлік жұмыстағы, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс стажы бар тұлға тағайындалады.
1.3. Қаржы директоры _____________________________________________
(құрылтайшылардың жалпы
___________________________________________________________________________
жиналысының өкіліне, кәсіпорынның өзге басшысына)
бас директорына бағынады.
1.4. Қаржы директоры өз қызметінің ерекшелігі бойынша:
– ұйымның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді;
– бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және қаржыны басқару мәселелері жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды;
– азаматтық құқық негіздерін;
– қаржы, салық және шаруашылық заңнамасын;
– кәсіби бухгалтер және корпоративтік басқару этикасы кодексін;
– ұйымның саласын, мамандандырылуын және құрылымын, оның даму перспективаларын;
– ұйымның қаржылық қызметінің тиімділігін талдау және бағалау, қаржы нарықтарын талдау, қаржылық тәуекелдерді есептеу және төмендету әдістерін;
– шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібін;
– қаржылық жұмысты, бюджет жасауды ұйымдастыруды;
– қаржы көрсеткіштерін жоспарлау әдістерін және тәртібін;
– мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттеу, инвестициялар және заемдық қаражат тарту, меншікті қаражатты пайдалану, бағалы қағаздарды шығару және сатып алу, қаржы ресурстарын бөлу, салық есептеу, аудиторлық тексерулер жүргізу тәртібін;
– бухгалтерлік, салық, статистикалық және басқару есебін;
– өндіріс технологиясының негіздерін; экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды;
– бухгалтерлік есеп және қаржыны басқару саласындағы қазіргі заманғы анықтамалық және ақпараттық жүйелерді;
– қаржы құжаттарын сақтау және ақпаратты қорғау ережелерін;
– бухгалтерлік есепті және қаржыны басқаруды ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін;
– еңбек туралы заңнаманы;
– еңбек қорғау жөніндегі ережелерді білуі тиіс.
2.1. Ұйымның қаржы саясатын айқындайды, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.
2.2. Ұйымның стратегиялық мақсаттары және даму перспективалары негізінде қаржыны басқару бойынша, нарықтық конъюнктураны ескере отырып қаржыландыру көздерін айқындау бойынша жұмысқа басшылық жасайды.
2.3. Қаржы тәуекелдерін талдауды және бағалауды жүзеге асырады, оларды төмендету жөніндегі шараларды әзірлейді, қаржылық тәртіптің сақталуын, шарттық міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын және кірістердің түсуін, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен, кредиттік ұйымдармен қаржы-шаруашылық операцияларды, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет операцияларын ресімдеу тәртібін бақылауды қамтамасыз етеді.
2.4. Ұйымның салық саясатын қалыптастыру, салықты жоспарлау және салық салуды оңтайландыру, есеп саясатын жетілдіру жөніндегі, бағалы қағаздар эмиссиясын дайындау және жүргізу, жобалардың инвестициялық тартымдылығын және қаражат салудың мақсатқа сай болуын талдау және бағалау, меншікті және заемдық капиталдың арақатынасын реттеу бойынша жұмысты басқарады.
2.5. Кредиттік ұйымдармен уақытша бос қаражатты орналастыру, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, кредиттер алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
2.6. Ақша қаражатының перспективалық және ағымдағы жоспарлары мен бюджеттерін жасауға басшылық жасайды, бюджеттің бекітілген жүйесінің көрсеткіштерін және одан туындайтын тапсырмаларды, лимиттер мен нормативтерді ұйымның бөлімшелеріне жеткізеді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
2.7. Өнімді (жұмысты, қызметті) сату жоспарларының, өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру және сату шығындарының жобаларын әзірлеуге қатысады, өндірістің рентабельділігін арттыру, өндіріс және айналыс шығындарын азайту жөнінде ұсыныстар дайындайды.
2.8. Қаржы қаражатының жай-күйін, қозғалысын және мақсатты пайдалануын, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін, салық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
2.9. Ұйымның төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету және пайдасын, қаржылық және инвестициялық жобалардың тиімділігін, активтердің рационалдық құрылымын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдайды.
2.10. Бухгалтерлік, салық, статистикалық және басқарушылық есептің талаптарына сәйкес қаржыны басқару жөніндегі ақпарат жүйесін әзірлеуді, құпия ақпараттың шынайылығын және сақталуын бақылауды ұйымдастырады.
2.11. Ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті қаржылық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.
2.12. Ұйымның қаржылық нәтижесін талдау және бағалау және қаржыны басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ ішкі аудитті жүргізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында туындаған өзара талаптарды қарау бойынша жұмысты ұйымдастырады, оларды қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шешу жөнінде шаралар қабылдайды.
2.13. Ұйымның қаржылық бөлімшелерінің қызметін басқарады, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, ұйымның қызметкерлеріне қаржы мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Қаржы директорының мыналарға құқығы бар:
3.1. Жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік билік және басқару органдарымен өзара қарым-қатынастар жасау кезінде кәсіпорынның мүддесін білдіруге.
3.2. Сенімхат ресімдемей кәсіпорынның атынан іс-әрекет жасауға.
3.3. Банктік мекемелерде есеп айырысу және басқа шоттар ашуға.
3.4. Тиісті нормативтік актілерді, кәсіпорынның жарғысының талаптарын сақтай отырып кәсіпорынның қаражатын және мүлкін басқаруға.
3.5. Заңнамада белгіленген шектерде құпия ақпарат құрайтын мәліметтерді қорғау көлемі және тәртібін айқындауға.
Қаржы директоры мыналар үшін жауапкершілік атқарады:
4.1. Өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны (тиісті дәрежеде орындамағаны) үшін; өзінің еңбек қызметін жүзеге асыру барысында жасаған құқық бұзушылықтар үшін; материалдық шығын келтіргені үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек заңнамасында айқындалған шектерде.
4.2. Оның заңнамада, ұйымның жарғысында, өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өкілеттіктері шегінен тыс қабылдаған шешімдерінің салдары үшін. Директор өзінің құқықтарын тапсырған тұлғалардың жауапкершілікке әкеп соғып, жасаған іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатылмайды.
4.3. Кәсіпорынның мүлкін және қаражатын өз мүддесінде немесе құрылтайшылардың мүддесіне қарама-қайшы мүдделерде жауапсыз пайдаланғаны үшін.
КЕЛІСІЛДІ:
Заң бөлімінің бастығы (заң кеңесшісі) _________________________________________
(аты-жөні, қолы, күні)
НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫМ: _________________________________________
(аты-жөні, қолы, күні)
Возможно Вам будут полезны следующие документы: