Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім


 

Жүктеу сілтемесі беттің төменгі жағында қол жетімді

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

үміткердің / жұмыскердің дербес деректері бойынша

келісім үлгісі (қазақ тілінде)

 

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

 

20      ж. «     »                                                                                                қ.

 

Осымен, Мен                                                                                                                

(аты-жөні, туған күні, айы, жылы)

 
   

 

(жеке басы куәлігінің/төлқұжаттың деректері)

___________________________ (бұдан әрі – «Банк») менің дербес деректерімді қағаз жүзінде де, электрондық форматта да Банктің деректер ауқымы және(немесе) дерекқорларында жинауға және өңдеуге өз келісімімді сөзсіз ұсынамын.

Дербес деректер – электрондық, қағаз және(немесе) өзге материалдық тасушыда тіркелген, құрамында келесі ақпарат бар (қоса, бірақ онымен шектелмей) маған қатысты кез келген мәлімет:

  1. сауалнаманы толтыру және тиісті түрде сәйкестендіру үшін қажетті мәлімет [аты-жөні; азаматтығы; жеке басын куәландыратын құжат; жеке сәйкестендіру нөмірі; туылған күні мен деректері; жынысы; суреті; қолы; биометриялық деректер (Банкпен тиісті жазбаша келісімі бар болса) және т.б.];
  2. отбасылық/әлеуметтік жағдайы туралы мәлімет [неке қию куәлігінің деректері, жұбайының аты-жөні, жұбайының төлқұжаттық деректері; отбасында асырауындағы және(немесе) басқа мүшелерінің бар-жоғы; отбасының асырауындағы және басқа мүшелерінің туыстық қатынасы, аты-жөні және туған күні; мен ресми өкілі және(немесе) қамқоршысы болып табылатын жеке тұлғалардың тізімі; өзге мәліметтер];
  • байланысты қолдау үшін қажетті мәлімет [тіркелген жері, нақты тұратын (болатын) жері, жұмыс орны мен лауазымы; телефон нөмірі (үй, жұмыс, ұялы), электрондық адресі; адрестік анықтамадағы ақпарат және т.б.];
  1. білімі, кәсіптік қызметі, қызметтік жағдайы, іскерлік беделі туралы мәлімет: білім, мамандық, біліктілік (біліктілігін жоғарлатуды қоса), лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, кәсіптік палаталарда/ұйымдарда мүшелігі, шет тілдерін білуі және басқа да мәлімет; жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлік деректері, лицензияланған қызметті жүргізуге берілген лицензия, аттестат, патент, диплом, сертификат деректері; сотталғаны / сотталмағаны, қылмыстық / әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы туралы ақпарат;
  2. еңбек жолын растау үшін қажетті мәлімет (бұрынғы және қазіргі жұмыс орындары, лауазымы, бөлім атауы туралы деректер, соның ішінде, еңбек жолын растайтын құжаттардан – еңбек кітапшасынан (қосымша парағы және жазбалары), еңбек шарттарынан, азаматтық – құқықтық шарттарынан, ұсыным хаттарынан және т.б. алынуы мүмкін деректер);
  3. іс-әрекетке қабілеттігін және денсаулық күйін растау үшін қажетті мәлімет (соның ішінде медициналық анықтамалардан, үзінді көшірмелерден және басқа – жүйке аурулары / наркология диспансерінде есепте тұратыны / тұрмайтыны, флюорография, мүгедектік және т.б. құжаттардан алынуы мүмкін деректер);
  • әскери есепте тұру үшін қажетті мәлімет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (әскери міндетті және әскери қызметке шақырылуы тиіс тұлғалар үшін), соның ішінде, әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген күні, берген органның атауы, әскери есептегі мамандығы, есепке алынғаны/есептен шығарылғаны туралы деректер және басқа мәліметтер;
  • Банктің жалақы, салық, зейнетақы, әлеуметтік және басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемесін орындау үшін қажетті мәлімет, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған және мені мен Банк арасында қойылған шарттар (келісімдер), оның ішінде, банктік шот, төлем карта нөмірлері/деректемелері, уақытша еңбекке қабілетсіздігі туралы мәлімет (мүгедектік), табельде және аурулық қағазындағы ақпарат, сараптама (медициналық) комиссиясының қорытындысы; әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебе туралы мәлімет (жеңілдік және мәртебе ұсынуға негіз болатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, берген органның атауы және басқа мәліметтер).

 

  1. мемлекеттік және ведомстволық наградалар, құрметті және арнайы атақтар, мадақтамалар туралы мәлімет (соның ішінде награданың, атақтың немесе мадақтаманың  атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің түрі және марапаттау немесе мадақтау күні);
  2. біліктілігін көтеру және қайта дайындықтан өту туралы мәлімет (біліктілігін көтеру немесе қайта дайындықтан өту туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, оқу басталған және аяқталған күні, білім беру мекемесін аяқтаған соң алған біліктілігі мен мамандығы және басқа мәліметтер).
  3. іскерлік беделі, кәсіптік дағдылары туралы мәлімет (оның ішінде, тестілеу, аттестациялау және бағалау, ішкі қызметтік тексеру, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және олардың есебін жүргізу қорытындысы және т.б., менің қызметтік міндеттемелерімді орындау қорытындысы, еңбек шарттарымен, лауазымдық нұсқаулықпен, Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған міндеттемелерді менің бұзғаным туралы).

және

  • жоғарыда көрсетілген деректерге өзгерту және (немесе) толықтыру енгізілгені туралы ақпарат.

 

Менің дербес деректерімді жинау, өңдеу және пайдалану (Банктің деректер ауқымы және(немесе) дерекқорларында қағаз жүзінде және(немесе) электрондық форматта жинақтауды, өңдеуді және пайдалануды қоса), оның ішінде, келесі мақсат үшін:

  • менің Банкке мүмкін орналасу мақсаты үшін және мені мен Банктің еңбек қатынастарын тиісті түрде ресімдеу үшін;
  • Банктің әскери есеп бойынша міндеттемесін орындау мақсаты үшін;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен және мені мен Банктің арасында қол қойылған шарттармен (келісімдермен) қарастырылған Банктің жалақы, салық, зейнетақы, әлеуметтік және басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемесін тиісті түрде орындау үшін, соның ішінде ақшалай аударымдарды жүзеге асыру үшін менің дербес деректерім Банкпен үшінші тұлғаларға [зейнетақы қорына, сақтандыру ұйымдарына, процессинг ұйымдарына / ХТЖ-не (төлем жүйелері) және аударымы / бағдарлануы / процессингі сол арқылы өтетін басқа тұлғаға] ұсынылуы мүмкін;
  • әлеуметтік және (немесе) (қажет болған жағдайда Банк өз анықтайтын) өзге сақтандыру мақсаты үшін, оның ішінде менің дербес деректерім сақтандыру /медициналық ұйымдарға ұсынылуы мүмкін;
  • сәйкестендіру мақсаты және Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған тәртіпте және шектеу есебімен Банк жайларына / ғимаратына / офистеріне / ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу рұқсатын ұсыну үшін, Банктің қауіпсіздік тәртібін қамтамасыз ету үшін;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген құжаттарды, материалдарды, құжаттамаларды сақтау жөніндегі міндеттемесін орындау үшін;
  • мен еңбек шарты, толық материалдық жауапкершілік туралы және т.б.бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Банктің құқықтарын соттық және соттан тыс қорғауы үшін;
  • анықтама және мінездеме жасау мақсаты үшін, оның ішінде менің атқаратын лауазымдық қызметім, менің біліктілігім мен жұмысқа деген көзқарасым және т.б. мәліметтер бар;
  • оқыту / біліктілігін көтеру мақсаты үшін, мінездеме, еңбек кітапшасын, сертификаттарды және т.б. толтыру үшін;
  • менің (және/немесе үшінші тұлғалардың) өтініш, арыз, ұсыныс, ұсыным, шағым, тапсырма және т.б. қарау және (немесе) оларға жауап беру үшін,
  • субъектінің еңбек шарттарымен, лауазымдық нұсқаулықпен, Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген міндеттемелерін тиісті түрде орындауына және субъектінің оларды бұзғаны үшін тәртіптік, материалдық, әкімшілік қылмыстық жауапкершілікке тартуына Банктің бақылау жүргізу мақсаты үшін;
  • мені: тәртіптік жауапкершілікке, түсінік хатта мен бұзушылық фактісін мойындаған жағдайда; заңды күшіне енген соттық акті немесе кез келген уәкілетті органның басқа актісі болған жағдайда, жауапкершілікті өзге түрлеріне тарту туралы ақпаратты бұқаралық жариялау мақсаты үшін;
  • курьер, курьер қызметі, экспресс пошта және т.б. арқылы жөнелту (жеткізу) / алу үшін менің атыма хат-хабарды (поштаны) тапсыру (алу) үшін;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген (белгіленуі мүмкін) өзге мақсаттар үшін.

 

Осымен, мен келесіні растаймын:

 

  • Банкпен менің дербес деректерім, банктік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау тәртібіне ұқсас тәртіпте қорғалғаны туралы Банкпен хабарландым;
  • менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге осы жазбаша келісім, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін немесе Банк алдында орындалмаған міндеттеме бар болған жағдайда кері қайтарылмайды;
  • Банк дербес деректерімді жинауды және өңдеуді менің келісімсіз, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайда жүргізуге құқылы;
  • Банк менің дербес деректерімді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптары есебімен, менен және кез келген үшінші тұлғалардан жинауға (алуға), сонымен қатар, менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға тапсыруға /көпшіліктің қолы жетерлік дербес деректер көздерінде таратуға, оның ішінде үшінші тұлғалардан бұрынғы жұмыс орындарынан маған мінездеме алуға және Банкпен жасалған менің мінездемемді (біліктілігім, жұмыс көзқарасым және т.б.) үшінші тұлғаларға ұсынуға / жолдауға құқылы;
  • егер мені мен Банк арасында жасалған тиісті шартпен(тармен) / келісім(дер)мен ашық байланыс арналары арқылы Банкпен менің дербес деректерімді беру қарастырылған / қарастырылатын болатын жағдайда, оны үшінші тұлғалармен рұқсатсыз алу тәуекелі бар екен ұғынамын және ондай тәуекелді өзіме қабылдаймын;
  • осы келісім Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте менің дербес деректеріммен, соның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе оларды пайдаланбай жүргізілетін, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, жинау, өңдеу, жазу, көшіру, резервтік көшіру, қорғау, скрининг, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (өзгерту, жаңарту), шығару, пайдалану, тапсыру (тарату, қол жеткізу рұқсатын ұсыну, оның ішінде, трансшектеулі тапсыруды қоса, үшінші тұлғаларға өңдеу құқығымен менің дербес деректерімді тапсыру), иесіздендіру, оқшау, тыс қалдыру, жою сияқты кез келген іс-әрекеттерді (операцияларды) немесе сондай іс-әрекеттердің (операциялардың) жиынтығын жүзеге асыру құқығын ұсынады;
  • осы келісім, соның ішінде мен Банктен кез келген өнімді, банктік және (немесе) өзге қызметтерді алғанда Банкпен пайдаланылуы мүмкін;
  • менің дербес деректерімді Банк үшінші тұлғалардан алғаны және (немесе) Банк үшінші тұлғаларға тапсырғаны туралы мені хабардар етудің қажеті жоқ, ондай дербес деректер Банкпен хабарлаусыз жиналады және өңделеді;
  • осы келісім үшінші тұлғаларға менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім Банкке ұсынылғаны туралы дәлел ретінде берілуі мүмкін;
  • Банктің дербес деректерді жинауды және өңдеуді реттейтін ішкі ережелерімен алдын ала таныстым және ол талаптармен келісемін.

 

 

                                            аты-жөні                                                                қолы

 

 

Сәйкестендіру жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы бойынша жүргізілді, осы келісімге менің қатысуыммен қол қойылды -                                                                                               

(ПЖД жұмыскерінің аты-жөні, қолы, бар болса ПЖД мөртаңбасы)




Возможно Вам будут полезны следующие документы: