Дата актуализации: 10.09.2024
БЕКІТЕМІН
_______________________________________
(кәсіпорынның атауы)
Бас директоры
_______________________________________
(аты-жөні)
(қолы, мөрі)
20__ жылғы «___» _________ № ___ бұйрық
БАС БУХГАЛТЕРДІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ № ___
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Бас бухгалтер басшылар санатына жатады, Бас директордың бұйрығымен
_____________________________________________________________________________
(құрылтайшылардың жалпы жиналысының, кәсіпорынның өзге де органының шешімімен)
жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.2. Бас бухгалтер лауазымына жоғары
кәсіби (экономикалық) білімі және бухгалтерлік-қаржылық, оның ішінде басшылық
лауазымдарда кемінде ______ жыл жұмыс стажы бар тұлға тағайындалады.
1.3. Бас бухгалтер Бас директорға ________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(құрылтайшылардың жалпы жиналысының өкіліне, кәсіпорынның өзге де
басшысына)
бағынады.
1.4. Бас бухгалтер өз қызметінің ерекшелігі
бойынша:
1.4.1. бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы;
азаматтық құқық негіздерін;
1.4.2. қаржылық, салықтық және шаруашылық
заңнамаларын; бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мәселелері бойынша норматвитік
және әдістемелік құралдарды ұйымның есебін жасауды және шаруашылық-қаржылық
қызметін;
1.4.3. бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды, оны жүргізу ережелерін;
1.4.4. кәсіби бухгалтердің этикасының
кодексін және корпоративтік басқаруды;
1.4.5. саланың және кәсіпорынның
техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын; салық,
статистикалық және басқару есептерін;
1.4.6. бухгалтерлік операцияларды
ресімдеудің және есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастырудың, бухгалтерлік
есептің шоттарынан кем шығуларды дебиторлық берешектерді және басқа да
шығындарды есептен шығарудың, ақшалай қаражаттарды, тауар-материалдық және
басқа да құндылықтарды қабылдаудың, кіріске алудың, сақтау және жұмсаудың,
аудиторлық тексеру жүргізудің тәртібін;
1.4.7. қаржылық есеп айырысу нысандары мен
тәртібін;
1.4.8. заңды және жеке тұлғаларға салық
салу талаптарын;
1.4.9. ақша қаражаттарына,
тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу, дебиторлармен және
кредиторлармен есеп айырысу, тексерулер мен құжаттамалық ревизиялар ережесін;
1.4.10. бухгалтерлік баланстар мен
есептерді жасаудың тәртібін және мерзімін;
1.4.11. бухгалтерлік есеп және қаржылық
басқару саласында қазіргі заманғы ақпараттық және анықтамалық жүйелерді;
1.4.12. ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін
талдау әдістерін;
1.4.13. бухгалтерлік құжаттарды сақтау
және ақпаратты қорғау ережелерін;
1.4.14. бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
отандық және шетелдік озық тәжірибелері;
1.4.15. өндіріс, еңбек және басқару
экономикасын және оны ұйымдастыруды;
1.4.16. өндіріс технологиясының
негіздерін, еңбек заңнамаларын;
1.4.17. еңбек қорғау ережелерін және
нормаларын білуге тиіс.
2. ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Мүдделі ішкі және сыртқы
пайдаланушылардың кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі және қаржылық
жағдайы туралы толық әрі шынайы ақпарат алуы мақсатында ұйымның бухгалтерлік
есебін жолға қою және жүргізу жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады.
2.2. Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға
сәйкес ұйымның шаруашылық жүргізу жағдайлары, құрылымы, көлемі, салалық
тиесілілігі және басқа да қызмет ерекшеліктері негізінде ұйым қызметінің
қаржылық жағдайы мен нәтижелерін жоспарлау, талдау, бақылау, бағалау үшін
уақтылы ақпарат алуға мүмкіндік беретін есеп саясатын қалыптастырады.
2.3. Мынадай: синтетикалық және талдама
шоттары бар бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын; шаруашылық
операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есепке алу құжаттарының
нысанын дайындау және бекіту бойынша; мүлікті және міндеттемелерді түгендеу
және бағалау тәртібін, олардың бар екенін құжаттамалық растау, жасау және
бағалау; шаруашылық операцияларды ресімдеуді, құжат айналымы тәртібінің, есеп
ақпаратын өңдеу және оны рұқсатсыз кіруден қорғау технологиясының сақталуының
ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды басқарады.
2.4. Бухгалтерлік есеп және есептілік
жүйесінің бухгалтерлік, салық, статистикалық және басқару есебі талаптарына
сәйкес қалыптастыруды басқарады, ішкі және сыртқы пайдаланушылардың қажетті
бухгалтерлік ақпарат беруін қамтамасыз етеді.
2.5. Қазіргі заманғы ақпараттық
технологияларды, есеп және бақылаудың прогрессивтік нысандары мен әдістерін
қолданудың, шығыстар сметасын орындаудың, мүлікті, міндеттемелерді, негізгі
құрал-жабдықтарды, материалдық-өндірістік қорларды, ақшалай қаражатты,
қаржылық, есеп айырысу және кредиттік операцияларды, өндіріс шығасыларын және
өнім айналысы мен сату, жұмыс (қызмет көрсетуді) орындау, ұйым қызметінің
қаржылық нәтижелерін қолдану негізінде бухгалтерлік есеп тіркелімдерін жүргізу
жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
2.6.
Бухгалтерлік есептің шоттарында шаруашылық операцияларын, активтердің
қозғалыстарының, кірістер мен шығыстарды қалыптастыруды, міндеттемелердің
орындалуын уақтылы және дәл көрсетуді қамтамасыз етеді.
2.7. Бастапқы есеп құжаттарын ресімдеу
тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
2.8. Басқару есебін ақпараттық қамтамасыз
етуді, өндіріске арналған шығынның есебін, өнімнің (жұмыстың, қызмет
көрсетудің) өзіндік құнының калькуляциясын жасауды, жауапкершілік орталықтары
және қызмет бөліктері бойынша есеп жүргізуді, ішкі басқару есептерін
қалыптастыруды ұйымдастырады.
2.9. Мыналарды:
2.9.1. салықтар мен алымдарды федералдық
аймақтық және жергілікті бюджеттерге, сақтандыру жарналарын мемлекеттік
бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға, төлемдерді кредиттік ұйымдарға, қаражатты
күрделі салымдарды қаржыландыруға, несиелер бойынша берешекті өтеуге уақтылы
аударуды;
2.9.1. еңбекақы төлеу қорының жұмсалуына,
қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру мен дұрыс
жүргізілуіне, түгендеу жүргізілуіне, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің
жүргізілу тәртібіне, сондай-ақ ұйымның бөлімшелерінде құжаттамалық
ревизиялардың жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз етеді.
2.10. Бухгалтерлік есеп және есептілік
деректері негізінде қаржылық талдау жүргізуге және салық саясатын
қалыптастыруға, ішкі аудитті ұйымдастыруға қатысады; ұйымның қаржылық
қызметінің нәтижелерін жақсартуға, зиянды және өндіріске жатпайтын шығынды
болдырмауға бағытталған ұсыныстар дайындайды.
2.11. Қаржылық және касса жұмысының
тәртібінің, шығыстар сметасын, кем шығуларды, дебиторлық берешектерді және
басқа да шығындарды бухгалтерлік есептің шоттарынан есептен шығарудың
заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізеді.
2.12. Ақша қаражатының және
тауар-материалдық құндылықтардың кем шығуы, заңсыз жұмсалуы бойынша құжаттарды
ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайда осы материалдарды тергеу және сот
органдарына беруді бақылайды.
2.13. Ақша қаражаттары мен шығыстар
сметасы бюджеттерінің орындалуы туралы есеп жасауды, қажетті бухгалтерлік және
статистикалық есептер дайындауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті
органдарға беруді қамтамасыз етеді.
2.14. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын
және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді.
2.15. Бөлімшелердің басшыларына және
ұйымның басқа да қызметкерлеріне бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметін
бақылау, есеп беру және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
2.16. Бухгалтерия қызметкерлеріне басшылық
етеді, олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
3. ҚҰҚЫҚТАРЫ
Бас бухгалтер:
3.1. Кәсіпорынның өзге де құрылымдық
бөлімшелерімен және басқа да ұйымдармен шаруашылық-қаржылық және өзге де
мәселелер бойынша өзара қарым-қатынастарда кәсіпорынның мүддесін білдіруге;
3.2. Кәсіпорын басшысының қарауына
шаруашылық-қаржылық қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;
3.3. Өз құзыреті шегінде құжаттарға қол
қоюға және бұрыштама жазуға;
3.4. Кәсіпорынның құрылымдық
бөлімшелерінің басшыларынан (мамандарынан) өзінің қызметтік міндеттерін орындау
үшін қажетті ақпаратты және құжаттарды алуға;
3.5. Кәсіпорын директорының қарауына
бухгалтерияның қызметкерлерін тағайындау, орындарын ауыстыру, жұмыстан шығару
туралы ұсыным беруге, олдарды ынталандыру немесе оларға тәртіптік жаза қолдану
туралы ұсыныстар енгізуге;
3.6. Құрылымдық бөлімшелердің мамандарын
оған жүктелген міндеттерді шешуге қатыстырнуға (егер бұл құрылымдық бөлімшелер
туралы ережелерде көзделсе, егер болмаса – басшының рұқсатымен);
3.7. Кәсіпорынның басшысынан өзінің
қызметтік міндеттерін мен құқықтарының орындауына көмек көрсетуін талап етуге
құқылы.
4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Бас бухгалтер:
4.1. Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген
өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны (тиісті дәрежеде орындамағаны) үшін
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек заңнамасында айқындалған
шектерде;
4.2. Өз қызметін жүзеге асыру барысында
құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін – Қазақстан Республикасының қолданылып
жүрген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында айқындалған шектерде;
4.3. Материалдық зиян келтіргені үшін -
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген еңбек, қылмыстық және азаматтық
заңнамасында айқындалған шектерде жауапкершілік атқарады.
ОСЫ ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚПЕН ТАНЫСТЫМ |
||
________________________________ |
|
________________________________ |
Жеке қолы және күні |
Қолтаңбаның толық жазылуы |
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ БІР ДАНАСЫН АЛДЫМ:
«__»
_________ 20__ |
_________________________ |
________________________ |
|
|
|
Жеке қолы |
Қолтаңбаның толық жазылуы |
|
|
КЕЛІСІЛДІ |
|
|
||
_____________________ |
_________________________ |
_________________________ |
||
Лауазымы |
Жеке қолы және мөрі |
Қолтаңбаның толық жазылуы |
||
Бас бухгалтердің лауазымдық нұсқаулығы
Бас бухгалтердің лауазымдық нұсқаулығы
Скачать документ и все приложения, вы сможете сразу после оплаты. Копии документов будет выслана на указанную почту.
Внимание. Все вопросы в техническую поддержку сайта будут обработаны с 9:00 до 18:00.
Возникикли вопросы по сервису? Напишите нам в техническую поддержку: Написать